Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

100-200 теңге: Алматы әкімдігіндегі асхана бағасы көпшілікті таңғалдырды

Қазақстандық журналист Алматы әкімдігінің асханасындағы тамақ бағалары көрсетілген сурет жариялады. Желідегілер арзан бағаны көріп таң-тамаша болды.

"Алматы әкімдігінің асханасында осындай бағалар. Қымбат па, арзан ба?", - деп жазды Жарас Ниязбек парақшасында. 

Шынында да, 18 қыркүйектегі баға тізімі көпшілікті таңғалдырды. Сонымен, асханаға келушілер бірінші тағамдарды 180-220 теңгеге, екінші тағамдарды 290-дан 510 теңгеге дейін, салқын тағамдарды 50-ден 200 теңгеге дейін сатып ала алады. Сондай-ақ, келушілерге арзан кондитерлік өнімдер мен десерттер ұсынылады. Гарнирлер мен тұздықтар, диеталық тамақтану тіпті арзан.

Тек сусындар орташа бағамен сатылады.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың қараша айында сол кездегі Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек шетелдіктер Алматы мейрамханаларында өте арзан бағада ас іше алатындығын мәлімдеген болатын. Ол оңтүстік астанада мейрамханалардан бар-жоғы 500 теңгеге дәмді тамақ жеуге болатынын айтқан еді.

Талқылау