"10 жыл бойы араласпадым": Тұрсынғали Алагөзов бірінші некесінен туған балаларымен қарым-қатынасы жайлы айтты

Белгілі қазақстандық кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов “Әке” подкастына берген сұхбатында бірінше некесінен туған балаларымен қарым-қатынасы жайлы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кәсіпкердің айтуынша, ол бірінші жарымен ажырасқаннан кейін балаларымен 10 жылдай араласпаған. Өйткені балалары әкесіне қатты ренжіген көрінеді. Тұрсынғали Алагөзов жақын адамдар бір-бірімен ұрысып қалса да, ішіндегі сезімін сыртқа шығаруы қажет деп санайды. Мұның бәрі кейін қарым-қатынасты қайта қалпына келтіру үшін керек.
“Мен олардың анасын ренжіткенімді түсінемін. Ұлыма “Балам, мен сенің әкеңмін ғой, араласайық” деп жаздым. Ал ол “Сен анамды тастап кеттің, кет” деп жауап беретін. Осындай жағдайлар болды. Бірақ меніңше, ол мұны ішіндегі шерін шығару үшін жазды. Адамға ішіндегісін айтып, эмоциясын сыртқа шығару керек”, – деді ол.
Тұрсынғали Алагөзов бірінші әйелімен арадағы ажырасу үдерісі өте ауыр өткенін, балалары анасын не үшін қорғағанын түсінетінін айтты. Оның сөзінше, бұл жағдайдың салдарынан балалары тіпті тегін ауыстырған.
“Әрине, ол анасын қорғады. Анасы ел алдында әлдеқайда әлсіз әрі осал жағдайда қалды.Тіпті балалар тегін ауыстырып тастады. Себебі олар бұл есіммен байланысты дүниенің бәрі жұрттың назарында екенін түсінді. Оларға “Ә, сен пәленшенің баласысың ғой” деп айтатын. Бұл олардың жанын жаралады”, – деді ол.
Бүгінде кәсіпкер балаларымен татуласып, бәрін қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылдаған. Ол жақын адамдар бір-бірімен араласуы керек деп есептейді.
“Бұл – өмір. Өмір алға жылжи береді, тоқтап тұрмайды. Жақын адамдар бір-бірімен араласуы керек. Егер ақыл-парасаты болса, келісудің жолын іздеуге тиіс”, – деді ол.
Ол қызымен де, ұлымен де қарым-қатынасын қайтаруға шамамен екі жыл жұмсағанын айтты.
“Қызым тұрмысқа шығып, бала туғаннан кейін қатты өзгерді. Қыз бала өзі ана атанғанда, әкелік дегеннің мәнін, жалпы отбасылық қарым-қатынастың салмағын басқаша түсіне бастайтын сияқты.
Тұрсынғали Алагөзов ажырасуға балалардың кінәлі емес екенін түсінетінін, алайда бұрынғы жұбайы олардың көзқарасына теріс әсер еткенін айтты.
“Әдетте балалар әлсіз жақтың жағында болады. Менің жағдайымда бұрынғы әйелім балалармен қарым-қатынасқа ықпал етіп, олардың санасына әкесі жаман, онымен араласудың қажеті жоқ деген ой сіңіре бастады. Бұл – оның үлкен қатесі еді”, – деді кәсіпкер.
ОқыңызАйта кетейік, бұған дейін Тұрсынғали Алагөзов үлкен балаларымен татуласып, оларды кіші қыздарымен таныстырғаны хабарланған еді. Кәсіпкер әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялаған. Кадрлардан оның ересек ұлы мен қызы кішкентай Алма мен Алисаны ойнатып жүргенін байқауға болады. Бұл видео желі қолданушыларының назарын бірден аударды. Олар жаңалықты жылы қабылдап, түрлі пікір қалдырған. Ал кейбір қолданушылар кәсіпкер балаларымен “татуласты” деп топшылаған.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты