10 жылдан кейін топан судың астында қалуы мүмкін қалалар (фото)
Ғалымдар 2030 жылға қарай кей қалалардың су астында қалатынын болжады. Олар мұның себебін климаттың өзгеруімен байланыстырады, деп жазады nationalgeographic.kz.
Ғалымдар Нью-Йорк, Лондон, Рио, Шанхай, Мумбай мен Дурбан секілді ірі қалалар су астында қалуы мүмкін екенін айтады.
Арктика мен Антарктидадағы мұздықтар еріп, жер бетінегі су деңгейінің көтерілуіне әкеп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайда табиғат апаты орын алады.
Мамандардың болжамынша жаз айында 50 градус ыстық пен қыс кезінде 50 градус суық ауа температурасы қалып жағдайға айналып, жаңбыр да шелектеп жауатын күйге түсуі ықтимал. Жел екпінінен де адамзат жапа шегеді.
Арктикадағы мұздық толық еріп кету қаупі басым. Соған байланысты ғалымдар экологияға көңіл бөліп, мәселенің алдын алуға кеңес береді.
Жіберіп алмаңыз:
Мейрамбек Беспаевтың анасын құттықтауы қазақстандықтардың жүрегін елжіретті
Белгілі кәсіпкер Лилия Рах 7 жылға сотталды
Намазға бас қойған америкалық профессор не себепті егіліп жылағанын айтты
Қаскелең қаласының дәрігерлері қансырап жатқан науқаспен бірге суретке түскен