Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 мың теңге үшін жаза: Шымкентте ерекше қажеттілігі бар адамнан пара алған шенеунік айыппұл арқалады

Шымкентте еңбек және әлеуметік қорғау департаментінің жетекшісі жаза арқалады. Ол екінші топ мүгедегінен пара алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

сот пара

Дерекке сүйенсек, шенеунік азаматтың мүгедектігін тағы да созып беру үшін пара алған. Осылайша 10 мың теңгені қалтасына басқан департамент жетекшісі сот залынан бір-ақ шықты. Оған 250 мың теңге мөлшерінде айыпұл салынды және мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тиым салынды. 

"Бұл халықтың осал тобына қатысты жасалған өте ауыр қылмыс. Осыған байланысты біздің департамент бірқатар іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті № 5 бөлімінің басшысына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Ол басшы лауазымды атқара отырып, өзінің қызметтік жағдайын жеке, пайдакүнемдік мақсатта пайдаланғаны және делдал арқылы екінші топтағы мүгедек азаматқа мүгедектік мерзімін ұзарту үшін жалпы сомасы 10 мың теңгеге пара алғаны анықталды", — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы Олжас Тобашов.

Осылайша іс материалдары сотқа жіберілген. Нәтижесінде шенеунік тиісті жазаға тартылып отыр. 

Еске салайық, бұған дейін мектеп асханасының мәзірі туралы ақпаратты жариялау үшін білім басқармасының қызметкерлері кәсіпкерлерден ақша алып келгенін жазған едік.

Талқылау