10 миллион теңге бопсалап, 50 миллион алаяқтық жасаған: Қазақстандық полиция ардагері бас бостандығынан айырылды

Павлодарда полиция ардагері 50 миллион теңге көлемінде алаяқтық жасады және 10 миллион теңге бопсалады деген айыппен сотталды. Адам ұрлау дерегі дәлелденбегенімен, сот бопсалау әрекетін растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Irbistv.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәліметерге сенсек, өңірдің мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында үкім шығарылды. Тергеу деректеріне сәйкес, айыпталушылар жәбірленушіден 10 миллион теңге талап еткен.
Сот отырысында төрт адам айыпталушы ретінде танылды. Оларға адам ұрлау және бопсалау баптары бойынша айып тағылған. Ең жасы үлкені ІІМ ардагеріне қосымша алаяқтық дерегі де тағылды. Тергеу нұсқасы бойынша, ол алдау жолымен 100 мың долларын (50 миллион теңге) иемденген. Үкім жариялау барысында сот залында түсінбеушілік туындады.
Судья айыпталушыларды Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігі 1,8-тармақтары бойынша (Адам ұрлау) қылмыс құрамының болмауына байланысты кінәсіз деп таныды. Алайда бұл толық ақтау емес еді. Сот жәбірленушіні ұрлау фактісі дәлелденбегенін, бірақ бопсалау әрекеті расталғанын атап өтті.
Сондай-ақ айыпталушылардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 194-бабы 4-бөлігінен 3-бөлігіне қайта сараланды. Сот барысында айыптау актісінде көрсетілген 100 миллион теңге көлеміндегі сома дәлелденбегені анықталды. Куәлардың және жәбірленушінің айғақтары негізінде 10 миллион теңге талап етілгені расталды.
Осылайша, ішкі істер министрлігінің ардагері 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы екі айыпталушы 5 жарым жылға сотталды. Төртінші тұлға 7 жылға колонияға жіберілді, оның бұрын да бопсалау бойынша сотталғаны (рецидив) ескерілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
- "Бәрі арнайы тапсырыспен жасалған": 62 миллион теңге бопсалады делінген блогерлер жарыссөзде өз нұсқасын айтты
-
Шымкентте блогер кафе иесінен 20 миллион теңге бопсалады деген күдікке ілінді
Еске салайық, бұған дейін Петропавлда патрульдік полиция батальонының командирі жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтарға ақшаға “қамқорлық” көрсетіп, оларды жауапкершіліктен құтқарып отырғаны анықталды. Тергеу дерегінше, полиция бірнеше адамнан 80 мыңнан 500 мың теңгеге дейін пара алып, көлікті еркін айдауға мүмкіндік берген. Қоңырау арқылы мәселені шешіп, хаттама толтырғызбаған. Сот шешімімен офицер 6 жылға сотталып, шенінен айырылды және өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Пара бергендер айыппұлмен құтылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
"110 мың теңгенің орны": Алматыда бойжеткен шетелдікті бейтаныс тойға апарып тегін тамақтанып, көңіл көтерген