Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"10 дубль жасадық": Айдар Асқарбек төсек сахнасына түсудің қиындығын айтты

Отандық сериал арқылы көпшілікке танылған Айдар Асқарбек “Сакура” фильмінде де төбе көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The DS' Show бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aidar__askarbek/

Аталған бағдарламаға фильмнің бас продюсері Баян Мақсатқызы мен актер Шерхан Пірназаров, Айдар Асқарбек және актриса Диана Тәшімбетова қатысты. Продюсердің айтуынша, еліміздегі алғашқы ашық сахнасы көп фильм болмақ. 

“Бұл фильмде төсек сахнасы бар. Бірақ оған Диана түскен жоқ. Оның орнына дублер түсті. Ал мен дублерсіз, өзім түстім. Бұл сахнаны екі күн түсірдік. Маған бұл сахнаның болатынын бірден хабарлады. Бірінші күні Диананың өзі түсті, екінші күні дублер қыз түсті", – деді актер.



Осы орайда әңгімеге Шерхан қосылып, төсек сахнасының көп болғанын растады. 

“Мен өз көзіммен көрдім. Кино желісі бойынша сол сәтте менің кейіпкерім Маңқа кіріп келеді. Таңғалып қалғансың ғой. “Мынау қалай болғаны?” деп тұрып қалдым. Дублердің өзі керемет ойнап шықты. Шынайы болып көрінді. Сол сахнаны 10 шақты рет түсірдік. 5 дубль менің кесірімнен, 5 дубль Айдардың кесірінен қайта түсірдік. Бәрі ашық. Айдар рахатын көрді. Мен сыртынан қарап тұрдым. Әттеген-ай деп қызықтым да. Бүкіл қызықты осы екеуі көрді", – деп әзілдеді Шерхан.  

Еске салайық, Айдар Асқарбек бірінші некесінен туған қызын көре алмай жүргенін жазған едік. 

Талқылау