Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"10-15 минут қана көреміз": Дана Есеева Мейіржан Төребаевтың қазіргі жағдайы туралы айтты

Белгілі кәсіпкер Дана Есеева қаржы пирамидасын жарнамалап, сотталған күйеуі, вайнер Мейіржан Төребаевтың жағдайын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/meirzhach_tv

Блогер келіншек Виктория Новичковаға сұхбат берді. Жолдасы Алматыдағы минималды қауіпсіздік колониясында жазасын өтеп жатқан көрінеді. 

"Бұрын ол тергеу изоляторында болғанда, ұзақ уақыт күтіп, тек 10-15 минут қана кездесе алатын едік. Қазір ол Алматыда, Павлодардан осында ауыстырылды. Күндіз жұмыста болса, кешке колонияға оралады", – деді ол.



Еске салайық, вайнер алғашқы айларда Павлодарға кеткен еді. Жаңа жыл алдында отбасына келіп, 10 күн демалып кеткен. 

“Күйеуім туралы жиі сұрайды. Мен не деп айтамын?! Оның оқиғасы қоғамда резонанс тудырып еді. Қаншама қиындық көрді. Үй қамағында болды. Одан кейін тергеу изоляторында жатты. Сот шешімі шыққаннан кейін толық жазасын өтеуге кетті. Жақында заң аясында қысқамерзімді демалысқа келіп еді, халық шулап кетті. Бірақ заңда жазасын өтеп жатқан адам демалысқа үйіне келе алады. Ол да солай келді. Кейбір адамдар: “Бір кіріп, бір шығып не істеп жүр?” деп сөкті. Оны көру үшін жиі Павлодарға ұшып барамын”, – деген еді Дана. 

Талқылау