"10-12 минутта 50-60 бала толып қалады": Дәулет Мұқаев "оптом" тұсаукесетінін жариялады

Дептутат Дәулет Мұқаев келесі айда балалардың тұсауын кесетінін айтып, жарнама жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Халық қалаулысы бір күнде бірнеше баланың тұсауын кесетінін жасырмай жүр.
"Stories-те жарнама бере сала менеджерге жазып, тіркеліп үлгеру керек. Бір жарнама бергенде 10-12 минут ішінде 50-60 баланың тізімі толып қалады. Содан кейін жарнама өшеді, менеджердің байланыс нөмірлері де өшеді", – дейді Мұқаев.
Айта кетейік, депутат Дәулет Мұқаев 38 жастағы көпбалалы ананың тұсауын кесіп, қызу талқыға түскен еді.
“Өзінің өтініші бойынша, 38 жастағы көпбалалы ананың тұсауын кестім. Ақ жол! Бастысы оқырманымның гештальты жабылды, арманы орындалды”, – деп жазды блогер.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді