Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1-сыныпқа арналған оқулыққа "өл" деген сөз жазып қойған: Білім министрлігі мәлімдеме жасады

1-сыныпқа арналған көмекші құралдағы "өл" сөзі қазақстандықтарды таңғалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Желіде таралған жазбаға сенсек, оқушыларға арналған "Менің алтын жазу үлгім" дәптерінің авторы С.Трофимова. Өз кезегінде желі қолданушылары жазу үлгісіне неліктен “өл” сөзі қолданылғанын түсінбей дал болуда. 

Осы оқиғаға қатысты білім және ғылым министрлігі ресми түсініктеме берді. 

"БАҚ пен әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан қазақ тілінде білім беретін мектептердің 1-сынып оқушыларына арналған "Менің алтын жазу үлгім" атты жазу дәптерлері "8&8" баспасында жарық көрді, авторы С.В.Трофимова. Бұл дәптер орта білім беру ұйымдары үшін бекітілген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің бекітілген тізбесіне енгізілмеген. Тиісінше, мемлекеттік сараптамадан да өтпеген", – делінген хабарламада.

Министрліктің айтуынша, мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендер ҚР "Білім туралы" заңына сәйкес сараптамадан өтеді.

"Оқу-әдістемелік кешен дегеніміз – оқулықты сүйемелдейтін, міндетті талаптарға сәйкес әзірленген әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері, хрестоматия, диктанттар жинағы, тапсырмалар мен жаттығулар жинағы, картографиялық атлас. Аталған жазу дәптері секілді қосымша оқу басылымдарын, оқулықтарды, дәптерлерді және басқа қосымша материалдарды таңдау құқығы білім беру ұйымдарына берілген. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін жоғарыда көрсетілген мәселелерді реттеу мүмкіндігі қаралатын болады", – деп хабарланды аталған ведомстводан.

Осы орайда министрлік бекітілмеген басылымдар ашық саталымда және ол интернетте де қолжетімді екенін ескертеді. Сондай-ақ елімізде қосымша оқулықтар, ертегі жинақтары мен дәптерлердің арнайы бекітілмейтіні айтылды. 

Талқылау