"Путин мен Байден": Елімізде жаңа туған сәбилерге Қазақстан және өзге ел президенттерінің есімі жиі қойылып жүр
Қазақстандықтар балаларына алпауыт мемлекеттердің тізгінін ұстап отырған президенттердің есімін берді. Олардың қатарында Ресей мен АҚШ-тың мемлекет басшылары да бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде 1 балаға Путиннің, тағы 1 балаға Трамптың есімі берілсе, 8 баланың есімі Американың қазіргі президенті Джо Байданнің құрметіне қойылды. Сондай-ақ 12 балаға Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімі беріліп, ел президенті аталмыш тізімде көш бастап тұр.
Қазақстандықтар жаңа туған сәбилерін саяси көшбасшылардың есімімен ғана емес, ел, қала аттарымен де атап жүр. Мысалы, елімізде Қазақстан, Астана, Алматы, Шымкент, тағы да басқа қалалардың аты берілген балалар тұрады.
Бұған дейін Әділет министрлігі балаға қандай есім беруге болмайтынын айтқан еді.
"Қазақстанға келгеніне небәрі 4-ақ жыл": Бұрынғы министр Қанат Шарлапаев туралы не белгілі және ол "Атамекенде" бизнесті қорғай ала ма
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Танымал продюсер еңбек өтілін дәлелдей алмағандықтан зейнетке шыға алмай жүр
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен