Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 миллион 800 мың теңге: Жетісу облысында аудан және қала әкімдерінің жалақысы қанша

Фото: Stan.kz 

Жетісу облысындағы аудан және қала әкімдерінің жалақы мөлшері белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әкімдіктердің ресми деректеріне сүйенсек, Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл – өзінің басқа әріптестерінің арасында ең жоғары жалақы алатын әкім. Оның ай сайынғы жалақы нәпақасының мөлшері – шамамен 1 миллион 150 мың теңге. Соның ішінде "таза" қолына тиетіні 900 мың теңгеден асады. Ол аудан-қала әкімдеріне қарағанда 100 мың теңге артық жалақы алады. Бұл қаланың облыс орталығы мәртебесіне ие болуына байланысты.

Талдықорған қаласымен шекаралас 15 шақырым жерде орналасқан Ескелді ауданының әкімі Елдос Ахметов ай сайын 800 мың теңге көлемінде жалақы алады. Ал Қытай мемлекетімен шекарада орналасқан Панфилов ауданының әкімі Марат Сағымбекке мемлекеттік қызметтегі жұмысы үшін ай сайын 778 мың теңге төленеді. Айта кету керек, әкімдердің жалақысы олардың мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліне қарай есептеледі.



Жетісу облысының қалған әкімдерінің жалақысы шамамен бір деңгейде. Ақсу, Алакөл, Көксу, Кербұлақ, Қаратал, Сарқан аудандары мен Текелі қаласының басшылары ай сайын шамамен 750 мың теңге көлемінде жалақы алады.

Ал Жетісу облысындағы ең жоғары шенеунік жалақыcы облыс әкімі Бейбіт Исабаевта. Мемлекеттік қызметтегі 30 жылдан астам еңбек өтіліне байланысты ол 1 миллион 800 мың теңгеден астам жалақы алады.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 11 Маусым, 2025 15:17
Талқылау