1 қыркүйекке төрт күн қалғанда Шымкентте мұғалімдер мектепте жөндеу жұмыстарын жасауға мәжбүр (видео)
Шымкентте Жүсіпбек Аймауытов атындағы №64 орта мектепте оқу-жаттығу үрдісі құлдырау үстінде тұр. Сабақтың басталуына санаулы күн қалса да мектепте не жиһаз жоқ, ал бүкіл педагогикалық ұжым бюджеттен қаржыланған ұйым үшін күрделі жөндеу жұмыстарын өздері аяқтауға мәжбүр болды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі NewTimes.kz-ке сілтеп.
№ 64 мектептің мұғалімі Сағира Нұрбекова медагогикалық ұжым күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тендерді жеңіп алған ұйым жұмысын бастасын деп 25 мамырда мектеп ғимаратын босатып, жиһаздарды шығарып кеткендерін айтты. Бірақ, мұғалімнің айтуынша, демалыстан оралған ұстаздар жөндеу жұмыстарының аяқталмағанын көрген.
«Мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін миллиондаған қаржы бөлінді. Мен ел бюджетінен бөлінген қомақты қаражаттың қайда жұмсалғаны жайлы есеп сұрамаймын. Бірақ, бұлары енді дұрыс па? Демалыстан енді оралған мұғалімдердің өз қолымен жөндеуді аяқтауға мәжбүр болғаны жөн бе?»,-дейді мұғалім.
Әйел мұғалімдер жөндеу жүргізілген жерлердің бетін тазалап, ағартып бөлмелерді сырлауда. Ал, ер адамдар сылақ жұмысымен айналысып жатыр. Сондай-ақ, мұғалімдерді ғимараттың айналасын да тазартуға мәжбүрлеп қойған екен.
«Мұғалімдерді осылай қорлағаннан кейін кім біздің мамандықпен жұмыс істеу үшін педагогтың оқуына барады дейсіздер?»,- деп шағымдануда № 64 мектептің мұғалімі Сағира Нұрбекова.
Сағира Нұрбекованың айтуынша, 29 мамыр күні мектепте сынақ күні болады. Сондықтан, мұғалімдер балалармен кездесуге дайындалудың және оқу үрдісіне бейімделудің орнына, шұғыл түрде оқу мекемесінің абыройы үшін жөндеу жұмыстарын өздері аяқтауға мәжбүр.
«Барлық педагогикалық ұжым жұмысқа тартылды. Қалыпты оқу мекемесінде бұл күндері оқытушылар конференциялар мен семинарларға қатысып, сабақ жоспарларын жазып, бірінші қоңырауға дайындалады. Ал, біз жоғары білімі бар мамандар, интеллектуалдық еңбек адамдары басқалардың жұмысын жасауға мәжбүрміз», – деді ол.
Нұрбекова бұдан басқа, оқу кабинеттеріне парталар мен басқа да жиһаздарға кіргізіп, орнына әкелу керек екенін айтты. Себебі, жөндеу жұмыстары жүреді деп барлық жиһаздар басқа жерге көшірген екен.