Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы 52 мың теңге болады

Ақша санап тұрған жігітФото: depositphotos.com

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте биыл жоғары оқу орындары студенттері қанша теңге көлемінде шәкіртақы алатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Вице-министрдің айтуынша, жалпы стипендия мөлшері 2020 жылмен салыстырғанда екі есе өскен.

"2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бакалавриат студенттеріне – 52 372 теңге, педагогикалық мамандықтар студенттеріне – 84 000 теңге, магистранттарға – 117 098 теңге, докторанттарға – 262 500 теңге стипендия төленеді", – деп мәлімдеді ол.

Оның айтуынша, биыл мемлекеттік білім гранттарының конкурсына 113 мыңға жуық өтінім берілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға артық. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 93 232 грант бөлінген, оның ішінде 77 мыңнан астамы жоғары білімге арналған. 

"Конкурс қорытындысы бойынша гранттардың 99% игерілді. Қазіргі кезде барлық ЖОО-ларға қабылдау аяқталды", – дейді Гүлзат Көбенова.

Аида Тақабаева
Бейсенбі, 28 Тамыз, 2025 17:03
Талқылау