1 қыркүйектен бастап барлық өңірдегі балабақша мен мектептерде тегін ыстық тамақ беріледі
1 қыркүйектен бастап өңірлеріндегі әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар балабақшаларда тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ШҚО, БҚО, Абай, Ұлытау, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, СҚО, Ақмола, Қостанай облыстарында бұл мәселе шешілді. Алматы, Шымкент, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Алматы облыстарында бюджет мәслихат отырысында маусым айының соңына дейін бекітіледі.
Сондай-ақ барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Түркістан облыстарында мәслихат сессиялары өткізіліп, қаражат бөлу туралы шешім қабылданды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан