Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Трампты "Артемида-2" миссиясының аяқталуымен құттықтады

тоқаев пен трамп

Фото: Ақорда/Myung J. Chun / Los Angeles Times via Getty Images

11 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты "Артемида- 2" миссиясының сәтті аяқталуымен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысы АҚШ президентіне жарты ғасырдан бері Айға алғашқы адам миссиясын жүзеге асырған және ғарышты игерудегі жаңа тарихи кезеңді белгілеген "Артемида-2" миссиясының сәтті аяқталуына байланысты құттықтау хатын жолдады. 

"Президент білім көкжиегін кеңейтетін және бүкіл әлемдегі ғалымдардың, инженерлердің және зерттеушілердің жаңа буыны үшін шабыт көзі болғн американдық ғылымның серпінді жетістіктерін жоғары бағалады", - делінген мәлімдемеде.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа "Артемис" бағдарламасын және басқа да ғарыштық бастамаларды жүзеге асыруда табыс тіледі.

STAN.KZ
Сенбі, 11 Сәуір, 2026 08:27