Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басыңызға келмейінше, өмірден өтпейсіз": Мөлдір Әуелбекова жеке өмірін талқыламауды өтінді

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Мөлдір Әуелбекова жеке өмірін талқылап, түрлі пікір білдіріп жатқан оқырманға ойлы жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: “Мамский әңгіме” подкастынан скриншот

Өнер иесі жұртты ғайбаттап, өсектемеуге үндеді. 

“Әрдайым “Адамның сыртынан тон пішпеңіздер, өлшемі келмей қалады!” деп айтамыз. Себебі сіз ол адамның басынан қандай жағдай өтіп жатқанын, күйбіңде не күн кешіп жатқанын білмейсіз. Әртүрлі жаман, артық сөз жазып, басыңызға бес елі күнә жинайсыз. Есіңізге салайын: сол әрбір ғайбат үшін міндетті түнде жауап бересіз. Ең ауыры – айтқан әр жаман сөзіңіз өзіңіздің басыңызға келмейінше өмірден өтпейсіз. Мейлі жеке басыңызға келмесе де, балаңыз, немереңіз, бауырыңыз арқылы Алла келтіреді. Алла уәдесінде тұрушы, Ұлық! Сол себепті, сақ болыңыздар мұсылман бауырлар! Оның орнына жақсы ойлап, жақсы сөз жаудыра беріңіздер! Ол да басыңызға еселеп келе береді. Құшақтадым!” – деп жазды әнші. 



Айта кетейік, өнер иесі екі некесінің де сәтсіз болғанын айтып, жан сырын ақтарған еді. 

“Екі некемді де сәтсіз деп айтпаймын. Тағдырыма ризамын. Екі балам бар, тәтті қызым бар. Қызымның әкесімен пандемия кезінде таныстық. Ол кезде намаз оқып, жүрегінде иманы бар жігітті жолықтырсам деп ойладым. Баламның әкесі діннен алыс еді. Намазхан болу – жігітке қоятын бірінші талабым. “Маған ешқандай жамандық жасамайды, баласын тастамайды” деп ойладым. Шариғат бойынша тұрмысқа шықтым. Имамды да үйге шақырып, неке қидырдық. Күйеуімнің артында тұрып, намаз оқу – арманым еді. 20 жылдан бері танитын досымыз араласып, нөмір алмастырып, жеңгетайлық жасады. Қажылыққа бірнеше рет барған деген сөзіне сендім. Балама көзқарасы жақсы болды. Қызын да әлі күнге дейін іздеп отырады”, – деген еді өнер иесі. 

Еске салайық, Мөлдір Әуелбекова қызына Даун синдромы диагнозы қойылғанын жазған едік. 

Талқылау