Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Нағыз азамат!": Қызды арқалап ағынды судан өткізіп жіберген жігіттің әрекеті желі қолданушыларын сүйсінтті (видео)

Желіде ағынды судан өте алмай тұрған қызды арқалап судан өтуіне көмектескен жігіттің әрекеті Қазнет қолданушыларын сүйсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

аркалаган видео

Әлеуметтік желіге тарап, көптің жылы ықыласына бөленген видеода көшеде екі азаматтың келе жатқанын көруге болады. Олардың бірі судан өте алмай тұрған қызды байқап, оны арқалап құрғақ жерге өткізіп жібереді. “Қандай әсерлі сәт” –дейді кадр сыртында сөйлеген қыз.

Кейін BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев видеодағы жігіттің өзі басқаратын компанияның Астанадағы нысандарының бірінде қызмет ететін азамат екенін айтты.



“Оның есімі – Қапият Дәулет, біздің қатардағы қызметкер, Астанадағы нысандардың бірінде жедел есеп маманы. Қиын жағдайда сөзсіз көмекке келетін жігіттерді мақтан тұтамын. Осы бір топан су күнінде апатты жеңуге көмектесетін де дәл осындай жігіттер”, – деп жазды Рахымбаев Facebook парақшасында.

Сонымен қоса Рахымбаев су басқан өңірлерге компаниясының қаржылай көмекті арттыратын атап өтті. 

“Нағыз жігіттер осындай қиын кездерде сыналады. Дәулет деген біздің қарапайым жұмысшы, нағыз азамат. Ең бастысы, ел басына күн туғанда бірігіп, бір-бірімізге көмек көрсетсек, бәрін жеңеміз”, – деп жалғады ол.

Талқылау