Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйлену тойындағы ерекше көйлегімен жұртты таңғалдырған Далида Наукенова күйеуі туралы айтып берді

Әнші, модель Далида Наукенова таядуа тұрмысқа шыққан еді. Оның Алматы қаласындағы қымбат мейрамханалардың бірінде дүркіреп өткен тойы, әсіресе ертегі ханшайымындай образы мен ерекше әдемі көйлегі ел аузында әлі де айтылып жүр. Ал көп жігіттің арманы болған Далиданың жүрегін жаулаған жігіт кім? Оны «Turkiss» тобының бұрынғы әншісінің өзі айтып берсін.

Далида Наукенова

Бұл туралы HIT.TV арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Далида күйеуі Ернұрмен Instagram желісі арқылы танысқан.

«Біз бірнеше жыл бұрын әлеуметтік желіде таныстық. Бірақ бірден жақын таныспаған едік. Мұнан кейін бірер жыл өткен соң өмірде танысып, арамызда сезім пайда болды», – дейді Далида Наукенова.

Үйлену тойындағы ерекше көйлегімен жұртты таңғалдырған Далида Наукенова күйеуі туралы айтып берді

Тұрмысқа шыққанға дейін Далида шоу-бизнес саласында белсенді жұмыс жасап жүрген еді. Ол «Turkiss» тобыныі құрамында ән айтып, «Қазақ ару» байқауының ақтық кезеңіне дейін жетті. Алайда ол тойдан кейін өз мансабын жалғастыра ма?

«Алдын ала болжап айта алмаймын. Алайда үлкен кеменің сапары да үлкен болады. Менің жұмысыма аз уақыт кеткен жоқ. Сондықтан болашақта мансабымды жалғастырамын деп ойлаймын. Бірақ қазір емес», – дейді бикеш.

Далиданың сөзінше, күйеуі оның таңдаған мамандығына қарсы емес көрінеді.

«Ол мүлде қарсы емес. Бұл тұрғыдан алғанда, адекватты адам», – дейді Далида Наукенова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

STAN.KZ
Жұма, 24 Тамыз, 2018 11:53
Талқылау