Үш рет “талақ” болған астаналық әйел мұсылман күйеулері жайлы шындықты айтты
Әсіредіншіл күйеулерінің озбырлығынан мезі болған келіншектер дағдарыс орталығын толтыруда. Олардың көбісі қит етсе “талақ” естіп, тағдыр тәлкегіне ұшырағандар,-деп жазды Еуразия арнасының жаңалықтар қызметі.
Алайда, жат ағымның жетегінде кеткендердің арбауына түскен мұндай нәзік жандар олардан бірден кете алмайды екен. Тіпті, некені ойыншық көретіндердің бірнешеуіне күйеуге шыққандары да бар арасында. Бұған қалай тосқауыл қоюға болады?
Ислам дінін бүркенген жігіттер қыздармен ғаламтор арқылы танысып,некелеседі. Ал қыздың қызығы таусылған соң «талақ» айтып, ажыраса салады. Дін атын жамылғандардың тым еркінсіп кеткені соншалықты, талақты «Мэссенджер» және де «Ватсап» арқылы да айтып, ары қарай дінсіз тірліктерін жалғастырады.
Тағдырлары “талаққа толы” әйелдер ғаламтор беттерінде өріп жүр. Мәселен, мына бір келіншек үш рет талақ алған. Ең сорақысы, туған-туысқандарынан ат құрығын үзіп, безінген ол, түрмеде отырған жігітпен некесін ұялы телефон арқылы қия салған.
«Түрмеде отырған браттар бар, оларға неке қисаң, егер өліп кетсе сенің жолдасын, сен шахидтың әйелі боласын деді. Түрмеде отырған кісімен некені сол жақтан ол кісі үлкендеу бір намаз оқитын адамды имам қылып алды. Сосын екі адамды куәгер етті. Содан некемізді қиып берді. Мен мұны телефоннан тыңдап отырдым», – дейді үш рет талақ етілген Айнұр есімді келіншек.
Ал Баян біздің арнамызға бірнеше жыл бұрын хабарласқан болатын. Өз сұхбатында ол әсіредіншіл күйеуіне тәуелді болғаны соншалық, талай мәрте талақ естісе де, үйінен кете алмағанын айтқан еді.
«Ашуланса болды «талақ» дейді, “талақ” дедім саған. Біраздан кейін қайтадан татуласып жүреді. “Талақ” дейді, қайтадан татуласады. Көріп жүрген балам естияр болды, соған шыдай алмадым» – дейді қала тұрғыны Баян.
Дағдарыс орталығының мамандары жат ағымның жетегінде кетіп, қиын жағдайға тап болған нәзік жандар саны екі есе көбейгенін айтады. Өкініштісі, олардың әсіредіншіл күйеулерінің некені ойыншық қылғаны соншалықты, ажыраса салып, жан-жарын достарына сыйға тарта салған кездері де болыпты.
“Иә, біздің орталықта көбіне зорлық зомбылықпен түскендер келеді. Талақ алғандар болды. Өйеткені оларда денелерінде ұрып соғы жарақттары болғандықтан тұрып жатыр. 0052 күйеуі намаз оқитын кісі. Мысалы олар отбасында тұрып жатып талақ айтқан, өзі екінші әйелге кетіп қалған”, – дейді дағдарыс орталығының маманы Айжан Қырғызжан.
Мамандар мұндай жағдайға тап болған әйелдер кемінде 3 немесе 5 рет күйеуге шығатыны айтады. Сол аралықта жүкті болып жатқандары, сәбиін кімнен көтеріп қалғанын білмей де қалады екен. Нәтижесінде елімізде жүздеген бала әкесінің кім екенін білмей өсуде. Мұндай жағдай көбіне Батыс және Оңтүстік Қазақстанда кездеседі дейді мамандар”.
«Оның да шарттары бар. Осыны түсінбегедер қазақ қоғамыда жастарымыз әрбір қыз келіншектерді өкінішке орай бауырына, немесе ағайындарына апараып жанағыдай қайтадан некелестіріп жатқан жайлары бар. Бұл Ислам дініне қарама қайшы. Оның арты біріншіден қыздарымыздың тағдырына балта шабылады. Одан кейін оның некесіз балалардың келуіне алып келеді» – дейді дінтанушы Жалғас Асхатұлы.
Осылайша, мамандар қаракөз қыздарымызды жат ағымның жетегіне кетіп, милары айналып қалған жігіттерден абай болуға шақыруда. Некені сөзбен емес, заңды түрде тіркеген дұрыс дейді. Себебі, ажырасқан күннің өзінде ер азамат заң аясында жауапқа тартылып, ортақ баланың алдында жауапкершілігі болады.
Оқи отырыңыз:
Бибігүл Төлегенова: Әлішер деген тараздық өзбек эстрадада неғып жүр?
Жанар Дұғалованың отбасылы әріптесімен көңіл қосқаны рас па?
Ақбота Керімбекова экс күйеулерін ұлдарымен өзі мәжбүрлеп араластыратынын айтты
Төреғали Төреәлі биыл үйлену тойын жасайтынын мәлімдеді (видео)