Үндістандықтар ыстықтан қиналған жабайы әбжыланға бөтелкемен су берді (видео)
Оңтүстік Үндістандағы Кайга тұрғындары күннің ыстығынан қиналған даланың улы әбжыланына бөтелкемен су берді деп жазды Daily Mail.
Ол ауданда күннің ыстығында жабайы жануарлар мен жәндіктер ғана емес адамдардың өзі құрғақшылықтан қиындық көріп отыр. Ұзындығы 3,5 метр болатын ең улы жылан су іздеп адамдар бар жерге, өзі келгенге ұқсайды. Жылан ешқандай да шабуылдау әрекеттерін жасамаған. Өзіне берілген суды қолға үйретілгендей ішіп алған. Су беріп болғаннан кейін адамдар жыланды жабайы аңдарды қорғау орталығына өткізген.
Мұндай ұзын әрі ең қауіпті корольдік әбжыландар Үндістанның орманды жерлері мен Пәкістанда, Индонезия мен Филиппинде ғана кездеседі. Әбжыландар 30 жылға дейін өмір сүреді. Үндістанда тура осындай улы жыланнан зардап шегетіндер салыстырмалы түрде аз. Ал қалған улы жыландардан бір Үндістанның өзінде жылына 50 мың адам қайтыс болады екен.
Оқи отырыңыз:
Есентаева биліктегілерден бала өліміне себепші болған баспалдақты жөндеуді сұрады
Итальяндық әнші Сон Паскаль қазақ қызымен шаңырақ көтермек
Ақын: Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабек біраз ақынның обалына қалды