Үндістандықтар адамға ұқсаған бұзауға арнап ғибадатхана салмақ
Үндістандықтар басы адамға ұқсайтын бұзауға сыйынып жүр. Айтуларынша, ол – үндістер құдайы.
Бұл туралы The Mirror басылымы хабарлайды.
Жаңа туған бұзаудың көзі, мұрны және құлағы адамдікіне ұқсайды. Көпшілік оның үндіс құдайы екенін айтып жатыр. Бірақ, бұзау туа салысымен өліп кеткен екен. Аталған жаңалық Үндістанда кеңінен тарағандықтан, бұзауды көру үшін ғалымдар да келуде. Мемлекеттің түкпір-түкпірінен келгендер оған жарыса сыйынып жатыр. Оны «Gokaran» деп атаған екен.
«Құдай жергілікті бұзаулардың бірі арқылы бізге жақындағысы келген сияқты. Біз осы жерге оның батасын алу үшін келдік. Оны Вишну құдай деп білеміз», – дейді Махеш Кэзурия.
Жергілікті тұрғындар бұзауға арнап арнайы жерлеу рәсімін өткізбек. «Бұзаудың осы маңда туғаны үшін бақыттымын. Жануарлар үйіне күн сайын мыңдаған адам келіп жатыр. Біз оны үш күннен кейін өртеп, артынша көмілген жеріне ғибадатхана саламыз. Бір кездері бұл бұзаудың анасын қасапшыдан құтқарып қалған болатынбыз», – дейді 55 жастағы Раджа Мишра.
Жіберіп алмаңыз:
Америкалық гей тұңғышын өзі дүниеге әкелмек
Биік өкшелі туфли киген қария жұртты таңқалдырды
Ит өзінің иесін қаққан көлікті қуып жетіп тоқтатты (видео)
Жоғалған күшік туралы ән тыңдаған балақай көз жасына ерік берді (видео)