Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістандық саясаткер 74 млн доллар жұмсап қызына ұлан-асыр той жасады (фото)

Үндістанның Карнатака штатының бұрынғы министрі қызын тұрмысқа беріп, той жасады. Тойдың шақыру қағазы алтынмен жалатылды.

7-277

Той бес күнге жалғасты. Салтанатқа жергілікті танымал тұлғалар шақырылды.

49 жастағы Гали Джанардхана Редди 8 болливуд режиссерін жалдап, тойда шоу ұйымдастыруды тапсырды.

wedding_india

Қалыңдық белгілі дизайнерлердің қолынан шыққан көйлек киді. Ал, күйеужігітті 5 ақ боз ат қоршап тұрды. Қыздың ата-анасы алдын ала фонограммамен жазылған ән айтты. Қалыңдықтың сариінің құны 2,5 миллион долларды құрайды. Оның зергерлік бұйымдарының өзі 12,4 млн доллар тұрады.

2EDBCD3C00000578-3336117-image-a-30_1448640280746

Редди Үндістанның ең бай саясаткерінің бірі саналады. Ол 2004 жылы штаттағы темір рудасын пайдалануға лицензия алған.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада ЭКСПО көрмесінің ғимараты опырылып түсті (видео)

Қытайда джип көлігімен 3 адамды қағып өлтірген жүргізуші өзіне қол салды

Сирек құбылыс: Анасы егіз сәбиінің бірін екіншісінен 10 күн өткен соң көтерген

Павлодарда құны 5 млн теңгелік биодәретхана салынды

ҰБТ-дан жинайтын ең жоғарғы балл 140 болатын болды

Талқылау