ҰБТ-дан жинайтын ең жоғарғы балл 140 болатын болды

Сәрсенбі, 16 Қараша , 2016 15:02

Ұлттық бірыңғай тестілеуде жинау керек ең жоғарғы балл 140-қа дейін артты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

1058

Енгізілген ҰБТ-ның жаңа форматына сай, енді жоғарғы шекті балл 125 емес, 140 болатын болды. Енді талапкерлер тесті екі блок негізінде тапсырып шығады.

Алғашқы блокта Б3 міндетті пән (математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (қорыта білу, салыстыра білу, т.б. «Қазақстан тарихы» пәні) бойынша 20 тапсырма және 2 бейінді пәннен («Математика» + «Физика», «Математика» + «География», «Биология» + «Химия», «Биология» + «География», «Шет тілі» + «Тарих», оқыту тілі (қазақ немесе орыс) және әдебиет + «Тарих», «География» + «Шет тілі», «Химия» + «Физика», «Тарих» + «Адам.Қоғам.Заң» – осы пәндер арасынан таңдалатын екі пән, шығармашылық экзамен) – 30 тапсырма беріледі екен.

“Сауаттылық бойынша тапсырма оқу арқылы талапкердің жалпылау, салыстыру, тұжырымдау және т.б. дағдыларын тексеруге бағытталған. Бейінді пәндер бойынша тапсырмалар ұсынылған бес жауаптың ішінен тек жалғыз дұрыс жауабы бар 20 сұрақтан, сондай-ақ, көп жауаптың ішінен бірнеше дұрыс жауаптары бар 10 сұрақтан құралады. Бейінді пәндер бойынша тестілеу барысында бірнеше дұрыс жауаптары бар сұрақтарды енгізу арқылы талапкерлердің нақты тақырыпты қаншалықты меңгергендері анық көрінеді. Сонымен қатар, бірнеше жауап варианттары бар тесттер жауаптарды тек жаттап алып немесе болжау арқылы беруге тосқауыл болады. Жалпы 120 сұрақ қойылады. Тестілеуге бөлінген уақыт 3 сағат 30 минутты құрайды. ЖОО-ға түсу үшін бағаның ең төменгі шегі өзгеріссіз – 50 балл деңгейінде қалдырылды. Ең жоғары көрсеткіш – 140 балл (бейінді пәндер бойынша берілген дұрыс жауаптар есебінен). Тестілеуге қатысуға ниет білдіргендердің өтінімдері 10 наурыздан 10 мамырға дейін қабылданады”, – деп хабарланған министрліктің ақпаратында.

Жаңа ережеге сәйкес, 2016-2017 оқу маусымында мектеп бітіретін түлектер ҰБТ-ны 20 маусым-1 шілде аралығында тапсырып шығады.

Бұған дейін елімізде ресми түрде ҰБТ форматы ауыстырылғаны туралы хабарланған еді.

Оқи отырыңыз:

Алматыда бес күн бойы қар жауады

62 жастағы миллионерге тұрмысқа шыққан 27 жастағы модель той суреттерін көрсетті (фото)

Қытайда той қонақтары жас жұбайларды елдің көзінше секспен айналысуға мәжбүрледі (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар