Қазақстанда қандай ауа температурасында мектеп сабақтары ауыстырылады?

Сейсенбі, 15 Қараша , 2016 18:48

Астана әкімі Әсет Исекешов елоралық ата-аналардың назарына ескерту жариялады. Онда ауа-райынының қолайсыздығына байланысты мектеп сабақтарының өткізілмейтіні айтылды.

photo_143499

Бұл туралы Әсет Исекешов Facebook парақшасында жариялады.

Астаналық жасөспірімдердің ата-аналарының назарына! Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Астанадағы білім беру орындарының (жалпыға білім беру мектептер, колледждерде оқитын 1-2 курс студенттері үшін) қысқы маусымда сабақ өту уақыты ауыстырылады.

Елордалық білім басқармасының хабарламасына сәйкес, қауіпсіздік мақсатында әрі балалардың денсаулығын сақтау үшін мына жағдайда сабақ өткізілмейді:

1 мен 4-сынып оқушылары үшін 30 градустан төмен, 2 м/с жылдамдықтан жоғары жел соққанда;

1 мен 9-сынып оқушылары үшін 30 градустан төмен, 2 м/с жылдамдықтан жоғары жел соққанда;

1 мен 11(12)-сынып оқушылары, 1-2 курс колледж студенттері үшін 35 градустан төмен, 2 м/с жылдамдықтан жоғары жел соққанда;

Айта кетерлігі, жылдамдығы 15-20 м/с жел соққанда температура ұлғаяды. Сабақтардың болмайтыны жайлы ақпаратты «Астанателеком», «Алма ТВ», «31 арна» мен «СТВ», кабельді телевизияға жалғанған болсаңыздар, «Хабар», «Қазақстан 1», «ОРТ Қазақстан», «Астана ТВ», «КТК», «НТК» арнасынын,  «Радио-Астана», «Ретро-FM», «Қазақстан-РВ», «Авто-радио», «Шалқар» радиосынан хабардар бола аласыздар.

169 телефон нөмірі арқылы ақылы түрде, 109 нөмірі арқылы тегін хабарласып біле аласыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар