Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістандағы “балық бала” 8 жылдан бері далаға шықпаған

8 жастағы Меэнди Хасан көп уақыттан бері қоғамның алыста өмір сүріп жатыр. Ол ихтиоз атты ерекше тері ауруына шалдыққан.

3CC1329A00000578-0-image-a-5_1486024845740

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Меэнди Хасана жастайынан бері жұрттан қашып өмір сүріп жүр. Ол аулаға мүлдем шықпайды. Себебі, көршінің балалары одан қорқып қашады. Оның беті таза болғанымен, терісінің сау жері жоқ. Анасы Меендидің айтуынша, немересінен туған әжесі де қашады екен. Әзірге бүлдіршіннің ата-анасы биліктен көмек сұрап әлек. Терісі қажалған жағдайда, қатты іріңдеп кетеді екен. Осының салдарынан бүлдіршін күнделікті киімсіз жүруге тырысады.

“Басқа балалар оны жек көреді. Алыстан көрсе, айналып қашады. Ал ересек адамдар оған жиіркенішпен қарайды. Ол соңғы 8 жыл ішінде бір рет те далаға шыққан жоқ. Жұрт оған қолдау білдірудің орнына, жаман боғауыз сөздер айтады. Енемнің өзі бізге көмектеспейді. Терісі ашып ауырған кезде, қатты айғайлайды. Баламның қиналғанын бұдан артық көргім келмейді”, – дейді Меенди.

3CC1328500000578-0-image-a-4_1486024840170

Меэнди отбасындағы үшінші бала. Бангладештың солтүстігіндегі Дон ауылында дүниеге келген. Оған 12 күн толғаннан кейін ата-анасы терісінен оғаш бөртпелер байқай бастаған. Бастапқыда маса шаққан болар деп мән бермеген екен. Бұл бөртпелер кетпеген соң, олар ұлдарын дәрігерге алып барады. Мамандар өз кезектерінде түрлі дәрілер жазып береді.

“Ешбір дәрігер оны емдей алмады. Олар оның ерекше тері ауруына шалдыққанын айтты. Шынымды айтсам, артық ақшам да жоқ. Өзім жүргізушімін. Тапқаным күнделікті жұмсалып отырады. Әр кез жұмыстан 10 еуро тауып отырамын. Ақшам болмағандықтан, оны дәрігерлерге алып бара алмай жүрмін”, – дейді бүлдіршіннің әкесі.

3CC1334300000578-0-image-a-1_1486024819263

Дәрігерлер оның не себепті мұндай тері ауруына шалдыққанын түсіне алмаған. “Ата-анасы оны бізге алып келді. Мұндай ауру түрімен бұрын-соңды бетпе-бет кездесіп көрген емеспіз. Оны қалай емдеу керектігі туралы ешнәрсе айта алмаймын”, – дейді дәрігер Мохаммад Эмдэдул Хак.

Хасанды мектептегі ұстаздар да қабылдай алмаған екен. Тіпті, бірінші күні оны сыныптастары аямай ұрып тастаған. “Бір күні ол үйге шыңғырып жылап келді. Басқа балалар оны аяусыз ұрып тастаған. Осыдан кейін ұстаздардан оған қарайлап жүруін өтіндім. Алайда олар мектептегі тәртіпке жауап бере алмайтындықтарын айтты. Тіпті, Медресенің өзінде ұстаздар оған жақындамауға тырысады. Ал басқа тәрбиеленушілер баламның үстінен жағымсыз иіс шығатынын айтады екен. Оның жалғызсырағанын бұдан артық көре алмаймын. Мен оған Алланың тек өзі сүйетін құлдарын сынайтынын айтып отырамын. Анасы биліктегілерге жалынып жүр. Мен де олардан өз атымнан көмек сұрағым келеді, – дейді бүлдіршіннің әкесі.


Жіберіп алмаңыз:

Өлі сәби туған анасы 16 күн бойы оны жанында алып жүрді (фото)

Некесіз секспен айналысқан мұсылман әйеліне 26 рет дүре соғылды (фото)

Әйелінің адалдығына күмәнданған ауғанстандық оның қос құлағын кесіп тастады

Мұғалімнің айтуымен оқушылар үлгерімі төмен сыныптас қызын ұрып өлтірді

Талқылау