Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда екібасты бұзау өмірге келді

Үндістанда мутант бұзау өмірге келді. Мал дәрігерлері жануардың бір күн де өмір сүрмейтініне сенімді болған.

Үндістанда екібасты бұзау өмірге келді

Екібасты бұзау Тируккойилур қаласында туды. Иесі мутант бұзау туғанын көріп таңғалды. Бұзаудың екі беті мен екі аузы, төрт көзі мен екі құлағы бар. Бірақ басы бірге біткен.

“Біз таңғалып қалдық. Бұған дейін ешқай сиырымыз екібасты бұзау тумаған”, – дейді иесі.

Иесінің айтуынша, өзі де қала тұрғындары мен мал дәрігерлері бұзаудың бір күн де өмір сүрмейтінін айтқан. Алайда оның туғанына бір айдан астам уақыт болды. Бұзау қалыпты өмір сүріп жатыр. Оны көруге жергілікті тұрғындар күн сайын келіп тұрады. Тұрғындардың бірі бұзауды “құдайдың кереметі” деп атаған.

Бұзаудың өзгешелігі  полицефалия деп аталды. Ол рептилия, сүтқоректілер тұқымында кездеседі. Адамдар да болуы мүмкін. Егер екі эмбрион құрсақта бірге бітіп кетсе, басы ғана бөлініп, денесі бірігіп кетеді. Мутанттар өмірге келісімен өліп кетеді. Бірақ ұзақ өмір сүретіндері де бар.


Тағы оқыңыз: Сүтқоректілер туралы қызықты 10 мәлімет

Талқылау