Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс: Air Astana Делиге ұшып шығатын рейстерді тоқтатты
Бүгін қазақстандықтар Үндістанның Дели қаласына ұшып шыға алмайды. Air Astana әуе компаниясы бүгін кесте бойынша ұшып шығуы тиіс болған рейстерді 1 наурызға дейін тоқтатты. Оған Пәкістандағы әуе кеңістігінің жабылуы себеп, деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
Кеше КС908 рейсі Алматыдан Делиге ұшып шықты. Қазіргі уақытта ол жанармай құйдыру үшін Оман Корольдігіндегі Маскат әуежайына бағыт алған.
Ол Алматыға сағат 17:22-де келеді деп күтілуде. Қазіргі уақытта Air Astana қазақстандықтарды Үндістаннан алып шығудың барлық нұсқасын қарастырып жатыр. Олардың қатарында өзге тасымалдаушылардың көмегімен алып шығу да бар.
Еске сала кетсек, бұған дейін Үндістанның әуе-әскери күштерінің ұшақтары Кашмирдегі лаңкестер лагеріне соққы жасады. Қала Үндістан мен Пәксітанды бөліп тұрған бақылау сызығы ауданында орналасқан. Бүгінде екі ел арасындағы ахуал шиеленісіп тұр. Қос мемлекет арасындағы ахуалға Қазақстандық СІМ алаңдаушылық танытып отыр.
Айта кетсек, Үндістан мен Пәкістан арасындағы қайшылық бүкіл әлемге несімен қауіп төндіретінін жазған едік.