Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үнді киносындағыдай: Жұлдыз студент кезінде Қайратпен қалай танысқанын айтып берді

2017 жылдың қазан айында елге сәлем берген Жұлдыз Әбдікәрімованың жеке өміріне қызығатын жандар көп. Он жыл бойы немен айналыстыңыз? Қайда болдыңыз? Қайратпен қалай таныстыңыз? – Жұлдызға сәт сайын жолданатын сауалдар легі осындай. Бұл орайда Қайрат Нұртастың келіншегі алғаш рет әншімен қалай танысқанын айтып берді.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бүгінде тыңдармандар армиясының көз қуанышына айналған Қайрат пен Жұлдыз осыдан 14 жыл бұрын танысқандарын айтады. Ол кезде Қайрат та, Жұлдыз да – студент.

“2004 жыл… Күз… Жаңа оқу жылы… РЭЦК… Қайрат – вокал бөліменде, ал мен – актер бөліменде оқып жүрген кезіміз. Бір-бірімізді сырттай біліп жүргенімен, арнайы таныс болған емеспіз. Бір ай бойы көзбен ғана танысып, бір- бірімізді бақылап жүрдік. Бірақ, мен оны көрген сайын, жүрегім еріксіз жылып, жүзім жайнап, ішкі жан дүнием езіле қалатын. Алайда, санам бұл сезімдерді қабылдамайтын, мінезім де сезімдерге ерік бермейтін, жігітті менсінбейтін, өзіме де, өзгеге де қатал Жұлдыз болатынмын. Тууу, не дейді, Жұлдыз xаным,- өзін бір сұлумын дей ме?! Сонда да, бойжеткеннің жігітке сезімін бірінші еш уақытта білдірмеу керек деген, қағида санамда әбден сіңіп қалған”, – деп бастады әңгімесін Қайраттың келіншегі.

Бұдан кейін Жұлдыз ең алғаш Қайратпен тілдескен күнді еске алды.

“Қазан айының шуақты күнінде, асxанада, түскі асымды алып тұрған кезімде, Қайратты жоғарғы курстың бірі (өздерінің системасы бойынша), қасыққа жұмсағанын құлағым шалып қалды. Сол стол басында, өзімнің де топтастарымның отқанын байқап, қасықты Қайраттан бұрын, өзімнің тақтайшама қойып алып, “Өзім апарып беремін”- дедім де, бір жимиып, жанынан өтіп кете бардым. Қайрекең тұрған бойда, артымнан қарап, үнсіз қала берді… Сол екі арада, көздеріміз тоғысып, ортамыздан бір ұшқын ұшып өткен тәрізді… Құдды үнді кинодағыдай болды. Мені ең бірінші рет көрген кезінде де, сол үнді актирсаларының біріне ұқсатқанын жасырмады. Алғашқы таныстығымыз осылай басталып еді… Ең тәтті, таза әрі алаңсыз өміріміздің бастамасы деп білемін. Жалпы, екеуміздің студенттік кезіміз қызығы мен қатар шышығына да толы болатын”, – дейді Әбдікәрімова.

Жұлдыз оқырмандары қызығушылық танытқан жағдайда, хикаяның жалғасын жазуға уәде берді.

Жіберіп алмаңыз:

Жұбаныш Жексенұлы ұлын орыс қызына үйлендіріп, дүркіретіп той жасады (фото)

Қуырылған жұмыртқа мен шұжық: Алагөзов фильмге түскені үшін қандай қаламақы алғанын айтты

Жартылай жалаңаш суретке түскен Баян Алагөзованың кіші қызы жұрттың қызу талқысына түсті (фото)

Денесін айқындап тұратын көйлек киген Мәдина Сәдуақасованы желі қолданушылары сөгіп тастады (фото)

Талқылау