Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бүлдіршіндер терезеден жиі құлайды: Төтенше жағдайлар министрлігі дабыл қақты

Өткен аптада ғана елімізде терезеден 8 бала құлаған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, мұндай оқиғалар соңғы уақытта жиілеп кеткен. Жақында Астанада 17-қабаттан құлап кеткен үш жасар бала мерт болған еді. 

Әдетте балалар терезеден құлаған кезде ұзақ емделуді және қалпына келтіруді қажет ететін ауыр жарақаттар алады. Ал кейбір жағдайларда бала мүгедек болып қалуы да әбден мүмкін. Көбінесе оқиға орнында немесе ауруханаға барар жолда о дүниелік болып кетеді екен.

Төтенше жағдайлар министрлігі жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін мына ережелерді ұстануға кеңес береді:

  • Баланың терезені өздігінен ашуына кедергі келтіретін блокираторларды орнату;
  • Бала терезеге көтеріле алатын терезелердің жанына жиһаз орналастырмау/қоймау;
  • Терезе арналған қорғау құралынсыз москит торларын қолданбау (бала алда қандай да бір кедергіні көреді де, оған сүйенуі мүмкін, ал баланың салмағын көтере алмайтын тор жыртылып кетуі ғажап емес);
  • Баланы ересектердің қарауынсыз, терезелері ашық, сондай-ақ өзі аша алатын бөлмеде қалдырмаңыз;
  • Балаларға ашық терезенің қауіпті екенін түсіндіру, москит торына сүйенбеу керектігін ескерту;
  • Бүлдіршіндерге терезенің жанында болғанда және оған көтерілуге ​​тырысқанда оның қауіпті екенін үнемі еске салып отыру керек;
STAN.KZ
Сейсенбі, 04 Шілде, 2023 07:32
Талқылау