Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйлену тойына келе жатқан қалыңдық отырған тікұшақ құлап, өртеніп кетті (видео)

Бразилияда қалыңдық күйеу жігітіне жету үшін тікұшаққа отырған. Алайда тікұшақ қонуға аз қалғанда жерге құлап, өртеніп кетті.

Үйлену тойы кезінде қалыңдық отырған тікұшақ құлап, өртеніп кетті (видео)

Бұл туралы RT News басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға үйлену тойы кезінде орын алған.

Тікұшақ бортында қалыңдықтан өзге тағы 4 адам болғаны белгілі. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Алайда жолаушылардың кейбірі жарақат алған.

Қалыңдық пен ұшқыш тікұшақтан өздері шыққан. Ал қалған адамдарды құтқарушылар құтқарып алыпты.

Куәгерлер болған оқиғаны видеоға түсіріп алған. Видео кадрларынан тікұшақтың қонуға аз қалғанда жерге қарай құлап, өртене бастағаны көрінеді.

БАҚ мәліметінше, аталған оқиғадан кейін үйлену тойы тоқтатылған жоқ.

Оқи отырыңыз:

Өзінің миллионер екенін жариялаған әйел 118 баланы асырап алғаны үшін тұтқындалды

3 тонналық көлікті сүйреген 5 жасар бала жұртты таңдай қақтырды (видео)

Танымал рэп орындаушысы сахнада тұрып тыңдарманының бетінен теуіп жіберді (видео)

Бір топ ер адам жас қызды зорлап тастағаннан кейін, ауылдастары қызды тірідей өртеп жіберген

Талқылау