Үндістандық жігітті туыстары қолындағы кемістігі үшін ібіліске теңеп, үйінен қуған (фото)
Үндістандық Баблу есімді жігіттің бір қолы күн санап өсіп, бүгінде оның салмағы 20 келіге жеткен. Көршілері оны адам кейпіндегі ібіліс деп атап кетіпті. Жігіт туған жерінде осы қолы үшін жұрттың кемсітуі мен мұқатуына шыдап келген. 25 жастағы жігіттің отбасындағылар одан безе бастаған кезде Баблу Мумбайға қашып кетуге мәжбүр болыпты. Жергілікті журналист қолының кемістігі үшін қоғам түрткісіне айналған жігітпен бірнеше сағатын өткізген еді.
«Мен халқы көп қалаға келіп көптің ортасында көзге түспейтін шығармын деп ойлап едім. Бірақ, кемсітулер мен таң қала жаны аши қарайтын көздерді бұл жерде де көріп жатырмын. Адамдардың қасына келсем меннен қорқа қашады. Осы кемістігім мен дертімнің кесірінен қандай да бір жұмыс табудың өзі қиын. Дәрігерлер қолымды емдеп қазіргіден кішірейтуге болатынын айтып жатыр. Бірақ, олардың өзі қанша ем қолданса да дерттің асқынып кеткені сонша, қолымды көзге түспестей етіп емдеу мүмкін емес екен»,- дейді Бабул.
Баблу мынандай үлкен қолымен қанша үлкен қала болмасын, қандай да бір жұмыс табуға боларына күмәнмен қарайды
Баблудың туыстары одан бас тартқаннан кейін Мумбайға қашып келуге мәжбүр болған.
Ол тіпті оң қолының көмегімен стақанды да ұстай алмайды.