Үндістанда полиция аяғынан жағымсыз иіс шыққан тұрғынды тұтқындады
Үндістанда Дхармашаладан Делиге автобуспен кетіп бара жатқан ер адамды полиция тұтқынға алды. Ол автобустағы өзге жолушылармен және полиция қызметкерлерімен ұрысып, жанжал шығарған, – деп хабарлайды The Hindustan Times басылымына сілтеп Stan.kz.
27 жастағы Пракаш Кумар автобуста аяқ киімі мен шұлығын шешкен. Автобустағы өзге жолаушылар ер адамға ескерту айтып, шұлығын алып тастуын немесе лақтырып жіберуін сұраған. Себебі шұлықтың жағымсыз иісінен демалу мүмкін емес еді. Алайда Кумар сапарластарының өтінішін елемепті.
Кумар мен жолаушылар арасында туындаған жанжал салдарынан автобус бірнеше рет тоқтауға мәжбүр болған. Жолушылар ер адамнан сасық иіс шығатын шұлықтан арылуын талап еткен. Алайда Кумар бас тартып, көнбей қойыпты. Осы кезде жолушылар автобус жүргізушіснен жақын маңдағы полиция бөлімінің маңына тоқтауын сұрап, полицияға шағымданған. Ал Кумар полиция бөлімшесінде шу шығарып, өзге жолушылардың атына арыз түсіреді. Ол жолаушылардың өзіне себепсіз тиіскенін айтып шағымданыпты.
Ер адамды Үндістан Қылмстық кодексінің 107/51 бабы (қоғамдық тәртіпті бұзу) бойынша тұтқындаған. Бірақ артынан Кумарды босатқан көрінеді.
Оқи отырыңыз:
91 жастағы соғыс ардагері қонаққа келген немересін пышақтап өлтірді
Қытайда екі тұмсығы бар «сегізаяқты» торай туылды (видео)