Үндістанда бұрын-соңды болмаған аптап ыстық орнады
Үндістанның Раджастан штатына қарасты Пхалоди қаласында бейсенбі күні ауа температурасы 51 градусқа жетіп, күн қатты ысыған. Күннің мұншалықты ыстық болуы бұрын-соңды орын алмаған екен.
Сурет ntv.ru
Бұл туралы newsru.com хабарлайды.
Осыған дейін күннің жоғарғы шекке дейін жетіп ысуы 1956 жылы дәл осы Раджастан штатындағы Алвар қаласында тіркелген екен. Ал Үндістанның метеоролог мамандары болса, алдағы күндерде де бұл ыстықтың беті қайтпайды деп болжам жасап отыр. Әсіресе, солтүстік-батыс штаттардағы қауіп өзге аймақтарға қарағанда әлдеқайда жоғары болмақ.
Талқылау