Үндістанда әйелдер тылсым күштің есінен тандырып шашын қиып кетіп жатқанын айтып жар салды
Үндістанның Харьяна мен Раджастха штатының әйелдері полицияға әлдекімнің шашын қиып кетіп жүргенін айтып шағымданды.
«Қатты жарық түсіп еді, есімнен танып қалдым. Бір сағаттан соң оянсам шашымды қиып кетіпті», – дейді 53 жастағы Сунита Деви.
Ол әлі күнге беті ашылмаған іске алаңдаулы.
Шаш қиып кететін тылсым оқиға алғаш рет шілде айында Раджастанда пайда болды. Одан кейін Харьянада айтыла бастады.
Сунита Деви әлі күнге өз өзіне келе алмай жүр. Оның жанында бір адам отырып, көңілін аулап отырады.
Оның үйінен бірнеше метр жерде тұратын Аша Деви де осындай шабуылға ұшырады. Ол өзіне әйел адамның төнгенін айтады.
Ал, 28 жастағы Рина Деви өзіне мысықтың шабуылдағанын айтты.
«Мен үй шаруасымен айналысып жүргем. Бір кезде мысыққа ұқсас әлденені байқадым. Біреу мені арқамнан түрткендей болды, бұрылған соң не болғаны есімде жоқ», – дейді Рина.
60 жастағы Сундар Деви шабуылдан соң төсектен тұра алмай жатыр.
Жергілікті полицейлер бұл оқиғаны тексергенімен ешқандай айғақ таппады. Олар тұрғындарға қаңқу әңгімеге сенбеңдер деп насихат айтуда.
Тұрғындардың бірі мұның артында ұйымдасқын топ бар екенін, кейбірі тантрик, ведун өкілдері екенін айтады. Адамар көп жағдайда соларға көмек сұрап барады.
Кей әйелдер мұның жоғары тылсым иесінің салдары екенін айтса, енді бірі, тұрғындардың оқиғаны ойдан шығарғанын айтып жатыр.
Жазушы-рационалист Санал Эдамарукудың пайымынша, бұл қоғамдық дерт.
«Ешқандай да тылсым күштің әсері жоқ. Бұл оқиғаны бастан өткерген әйелдер ішкі психологиялық жанжалдан зардап шеккендер. Олар елден естіген әңімесін өзі баста өткергендей болады», -дейді ол.
Тағы да оқыңыз:
Желі қолданушылары 50 жастағы моделдің сұлулығы мен сымбатына таңғалды (фото)
Өзге баланың екі қолы салынған балақай бейсбол ойнауды үйреніп жүр (фото)
Ер адам жазықсыз өлім жазасына кесіліп 46 жылдан соң түрмеден ақталып шықты (фото)