Үндістанда 17 жастағы бала өмірінің соңғы күнінде жүрегін ауыстырып аман қалды
Үндістанда жүрек ауруымен ауырған 17 жастағы Анкура Райға шұғыл түрде жүрек ауыстыру отасы жасалу керек болған.
Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.
Мамандардың барлығы егер ота жасалмайтын болса, онда бала бір аптадан артық өмір сүре алмайды деген. Дәрігерлер баланы жасанды тыныс алдыру аппаратына жалғап, күтумен ғана шектеледі.
Үндістанда діни сенімдерге байланысты орган ауыстыру операцияларына шектеу бар.
Анкура Райдың өмірінің соңғы күнінде дәрігерлер институттан екі толыққанды жүрек табады. Олардың біреуі жарамай, екіншісін орнату үшін операцияға кіріседі. Ақырында бәрі сәтті аяқталып, жас бала қазір қажетті ем қабылдауда.
“Жеті күн ішінде жүректі табу оңайға түскен жоқ. Бірақ, ғажайып орын алды. Біз дәрігерлерге өте ризамыз”, – деді баланың әкесі.
Оқи отырыңыз:
Секс туралы жігіттер сенетін 6 өтірік
Қаназдық ауруына таптырмас ем болған сірне тағамын әзірлей аласыз ба?
Ер азаматтардың күш-қуатын арттыратын “Жаужүрек” тағамын әзірлей аласыз ба?
Қазақтың мына ұлттық тағамы сіздің дәм сезу рецепторларыңызды “жарары” анық