Үндістан тұрғындары адасып қалған әжейді мыстан деп ойлап ұрып өлтірді
Үндістанның Уттар-Прадеш штатында бір топ адам елден жырақ өмір сүретін кастадағы егде жастағы әйелді таяқ астына алып өлтірді.
Оқиға 3 тамыз күні болды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, 65 жастағы Маан Деви үйіне барар жолда адасып қалып, басқа ауданға түсіп кетеді.
Тұрғындар шашы ағарған, бет-жүзі күміскі тартқан аурушаң әйелден шошыпоны таяқ астына алған.
Жергілікті басылымның мәліметіне сүйенсек, белгісіз аудандарда әйелдерге тылсым күш иелері әсер еткен. Зардап шегушілердің айтуынша, олар ес-түссіз қалып, оянғанда шаштарын қиын кеткенін көріпті.
Марқұм болған әйелдің ұлы: «Олар анамды мыстан деп атап, әйелдердің шашын кесу үшін келді деп айыптады» дейді.
Анасы алған жарақаттарының салдарынан емханада жатып көз жұмды.
Тағы да оқыңыз:
Оңтүстік Кореяда зымыранды сынақтан өткізген шақта өртенген адам видеоға түсіп қалған
Ақтөбеде Әнұранға құрмет танытпаған сақалды жігіттер елдің ызасын келтірді (видео)
АҚШ-та екі педофил 5 жасар қызды зорлап оны веб-камера арқылы көрсеткен