Үнді баласының иілгіштік қасиеті бүкіл әлемді таңқалдырды (фото, видео)
13 жастағы үндістандық бала денесінің ерекше иілгіштігі арқасында үлкен танымалдылыққа ие болған. Адитья Кумар Янгум есімді баланы барлығы “Snake Boy” деп атайды.
Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.
Бала сегіз жыл бойы тұрақты түрде йогамен айналысып келеді. Ол ерте жасынан йогамен айналысқан әкесінен үлгі алған. Қазір Адитья Махараштреде ата-анасымен бірге тұрады. Өтіп бара жатқан кездейсоқ адам оның иілгіштігін байқап телефонына түсіріп алып, интернетке жариялағаннан кейін ол бүкіл әлемге танымал болып кетті.
Ол адамдармен көп сөйлесіп, уақытын босқа кетіргісі келмейді. Басты мақсаты Гиннестің рекордтар кітабына кіру.
Талқылау