Үйленгенін жасырған Ернар Айдар енді неке жүзігін тағудан бас тартты
Суретімді жарияламаңдар, үйленгенімді айтпаңдар! Отбасын құрып, дүркіретіп той жасаған күні Ернар Айдардың меймандарға айтқан өтініші осы. Алайда халық алдында жүрген әншінің жеке өмірі бәрібір жұртқа жария болды. Ал бұл күндері Ернар неке жүзігін тақпайды. Оның себебін әншінің өзі түсіндірді.

Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.
“Неке жүзігін тақпаймын, себебі жүзікпен емес, жүрекпен біргеміз. Біздің үйде ағаларым да жүзік тақпайды. Оған ештеңе байланысты емес”, – дейді Ернар.
Естеріңізде болса, бұған дейін Ернар жарын өзімен бірге ертіп жүрмейтінін де айтқан еді.
Әріптесінің бұл пікірімен Асхат Тарғын да келісіп отыр.
“Сақинаны көп таққан жоқпын, үйленгеннен кейін алып тастадым. Бірақ үйленгенімді елдің бәрі біледі ғой”, – дейді ол.
Жіберіп алмаңыз:
45 жасында тұрмысқа шыққан Гаухар Әлімбекова жарымен қалай танысқанын айтып берді
Ауыр дертпен күрескен Марлен мен Әнел өз өмірлері жайлы кітап жазбақшы
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық