Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Әбдікәрімова желіде сын жазғандарға ұрсып тастады

Небәрі 1,5 ай бұрын ел алдына шыққан Қайрат Нұртастың жары бүгінде танымал бикештердің көшін бастап үлгерді. Аз уақыттың ішінде Жұлдыз Әбдікәрімова танымалдылықтың жағымды ғана емес, кері жақтарын да сезініп үлгерген. Бұл туралы Әбдікәрімованың өзі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Еліміздегі ең танымал хитменнің келіншегі инста-парақшасында оқырмандарына деген назын айтты.

“Сынау мен мақтау қашан да қатар жүреді. Бірақ, өкінішке орай жақсы ой-пікірден гөрі сын айту, әсіресе әлеуметтік желілерде сын жазылуы басымдау болып барады. Тіптен, тұлғаның жеке басына тіл тигізетіндер баршылық. Сынның да, сыны болады. Біреуге сын айтпас бұрын, алдымен мақсатыңызды нақтылап алып, сол сынды сіз айтатындай өзіңіз мінсіз екеніңізге көз жеткізіп алған дұрыс. Адамға ақыл, сын, мін айтар алдында ол жанның жақсы қасиеттерін де ескере білген абзал. Және де мәдениетті көңілге тимейтіндей, тігісін жатқыза жеткізудің өзі өнер!” – деп ренішін білдірді Қайраттың Жұлдызы.

Бұл ретте желідегілердің пікірі екіге бөлінді. Кей оқырмандар Жұлдызға қолдау көрсетіп, басу айтса, ендігілері “шамадан тыс көрініп, елді жалықтырған өздерің” деп сынға алды.

“Ел бар болса, көре алмайды, жоқ болса, бере алмайды. Осынша уақыт төзімділігіңіз – білген, түсінген адамға үлкен ерлік. Сұп-сұлу, ақылды келіншегі бар Қайрат бақытты. Күйеуіңіздің бойындағы қарапайымдылыққа да сіздің септігіңіз бар деп ойлаймын. Мойымаңыз. Жағымсыз пікірге құлақ аспаңыз! Сізге бүгінге дейін пікір қалдырмаған едім. Мына постыңыздан кейін көрерменнің жазғанына көңіл бөлетініңізді аңғарып, жазуға бел будым. Сіз мықты жансыз. Жүрегіңіз таза. Алла бақыттарыңызды еселей берсін!” – деп жазады Сағыныш Назар есімді оқырман.

“Сынамай қайтеді, қайта-қайта ретті де, ретсізде фотоларды сала берсендер? Әр нарсе өз жөнімен болған жарасады. 10 жыл бойы тұншыққан шеріңізді тарқатып жатқандайсыз кейде қайта-қайта, – деп тағы бір оқырман.

Жіберіп алмаңыз:

Жұрт Баян Мақсатқызының жас кездегі сұлулығына қайран қалды (видео)

Қазақтың көрнекті ақыны Мұзафар Әлімбаев өмірден озды

Асхат Тарғын екінші рет әке атанды

Мейрамбек Беспаев мақтан мен атақ үшін жұмыс істейтін әнші әріптестерін сынап тастады

Талқылау