Үндістан тұрғыны 600-ден аса шеге жұтып қойған (видео)
Калькутта медициналық колледжінің дәрігерлері үндістандық азаматтың қарнынан ұзындығы шамамен 5 сантиметр болатын 639 шеге алып шықты. Олардың жалпы салмағы 1,3 килограммды құрайды.

Жүрегі айнып, ішінің ауыратынын айтып шағымданған ер адам ауруханаға жеткізілген. Эндоскоппен тексергеннен кейін, науқастың ішегі шегеге толы екені анықталған.
Науқасқа 2 сағат көлемінде ота жасалып, магнит арқылы металдан тұратын бөтен заттар алынған.
Ер адам шизофрениядан зардап шегеді, сондықтан үнемі жеуге жарамсыз заттарды жұтып қояды екен.
Оқи отырыңыз:
Алғашқы кездесудің өзінде өмірлік жарыңызды тануға көмектесетін 3 сұрақ
Ұры терезеде кептеліп қалып, 2 сағат бойы көмек сұраған (фото)
Стивен Хокинг болашақтағы жаңа жұмыс түрлерінің адамзатты жоюға дейін баратынын ескертті
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"