Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар міні жоқ «идеалды» әйел бетін анықтады

Мамандардың айтуынша, ер адамдар әйелдің бет көлеміне қатты назар аударады.

Ғалымдар ең мінсіз әйел бетінің «математикалық сұлулық эталонына» жататынын айтты. Филадельфияның медициналық мектебі мамандары осындай қорытынды жасады, деп жазады Aesthetic Surgery Journal.

«Математикалық сұлулық дегеніміз – беттің де мінсіз пішіні болады деген сөз. Бет бөлшектері өлшемі бойынша бір бірімен сәйкес келсе, толықтырып тұрады. Әйелдің жүзі сонда әдемі көрінеді. Ондай бет әйелдің үнемі жас көрсетеді», – дейді хирург Аллан Валк.

Ғалымдар математикалық параметрлдерді есепке ала отырып 55 танымал әйелдің суретін зерттеп көрді. Айтуынша, параметрлерге сәйкес, әйелдің екі көз қарашығының арасы 59,2, көздің арасы 59,2 миллиметр, жақ сүйектері мен көз арасы 13,1 миллиметр, мұрнының ұзындығы 43,6 миллиметр болуы тиіс.

«Біз бұл параметрлердің хирургтерге де керегі бар деп ойлаймыз. Олар ота кезінде немесе адам бетін жасартуды қолға алғанды осыны есепке алса жақсы болады», – деді Аллан Валк.

Тағы да оқыңыз:

Заңгер жыртық джинсы киетін қыздарды зорлауға шақырды

Қызылордалық шенеуніктердің ерлер мен әйелдер араласа жалаңаш күйінде демалған сәті желіге тарап кетті

ОҚО-да жезөкше болуға көнбеген қыздарын ата-анасы үйден қуып жіберген (видео)

Талқылау