Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да жезөкше болуға көнбеген қыздарын ата-анасы үйден қуып жіберген (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында ішімдікке әуес ата-анасы жарым түнде балаларын далаға қуып жіберген.

Ата-анасы балаларын қайыр тілеп, ұрлық жасауға мәжбүрлеген. Анастасияның айтуынша, әкесі өзге үйлердің терезесінен кіріп ұрлық жасауға мәжбүрлепті. Әкесі балаларына спиртті ішімдік алып келуін талап еткен. Балалары бас тарқан күні үйінен қуып жіберген, деп хабарлайды Отарар.

«Әкем есікті балтамен ұра бастады. Мен «олай жасамаңыз» деп жалындым. Полиция шақыртатынымды айттым», – дейді қызы.

Даулы оқиғадан соң аудандық білім бөлімі балаларды өз қамқорлығына алатынын айтып, уақытша интернатқа орналастырды.

«Анасы ақша үшін қызын еркектермен жақындастырмақ болған. Қызы одан бас тартқанда әкесі екеуі пышақпен қорқытып, балтамен ұрған», – дейді көршісі Марина Новикова.

Білім бөлімі ата-аналарын құқығынан айыруға полиция арыз жазбақ.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда жаңа жол белгілері пайда болды

Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұрудың жаңа түрі енгізілді

Алматы облысында әскери борышын бар жоғы үш күн өтеген сарбаз аяқ-асты қаза болды

Талқылау