Стивен Хокинг болашақтағы жаңа жұмыс түрлерінің адамзатты жоюға дейін баратынын ескертті
Стивен Хокинг адамзатты ғылыммен айналысуға шақырды. Олай болмаған жағдайда болашақта келеңсіздіктер болуы мүмкін екенін ескертті.

Ғалымның айтуынша, жасанды интеллект өздігінен дамып, адамзатты құртып жіберуге дейін барады.
Британдық ғалым Стивен Хокингің айтуынша, ол кезеңнің басталуы да алыс емес.
«Қазір адамдар компьютерлік вирустарды жасап жатыр, яғни болашақта жасанды интеллект те ойлап табады. Ол өздігінен дамып, жетіліп отырады. Бұл өмір сүрудің жаңаша түрі болады», – дейді Хокинг.
Осыдан соң адамзаттың орнын жасанды интеллект алмастырады. Бұның алдын алмаса, түбі жақсылыққа апармайды.
«Жеріміз бізге азайып бара жатқандай көрінеді. Адамзат асқан жылдамдықпен өсіп жатыр. Біз өзімізді өзіміз құртуға тәуекел етеміз», – дейді Хокинг.
Тағы да оқыңыз:
Америкалық ғалымдар міні жоқ «идеалды» әйел бетін анықтады
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді