Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Зират тазалаушы болдым": Өктем Алтаев Алматыға келген жылдарын еске алды

Белгілі әнші Өктем Алтаев өнер ордасына келген сәтін бөлісті. Бұл туралы “Алғашқы” бағдарламасында айтты. 

Фото: Бағдарламадан скриншот

Өнер иесі 2000 жылы анасы және 4 баласымен мәдениет ордасына көшіп келген. 

“Алматыға бала-шағаммен қара түсті “Вольга” көлігімен келдік. Пәтердің алдына түсіп жатсақ, шешем бар, әйелім, 4 баланы көріп, көршілер сығандар келіпті деп айтыпты. Ортаншы қызым Алматыға келуімізді қатты қалады. Бірақ пәтерді көріп, ауылға қайтайықшы деді. Ол кезде 4 бала көп бала еді. Жұрттың бәрі қарайды. Біздің жақта және менің қатарластарымның арасынан мен ғана азбалалы әкемін. 4 балам бар десем, шалқасынан түседі. Содан үшеу деп айтатын болдым. Кейін мүлдем балаларымның санын айтпадым. Әйелім медициналық тіркеуге тұрды. Содан медбике 4 баланы тіркеп жатқанда "оларды қалай асырайсыңдар" деп ұрысқан. Әйелім үйге жылап келді. Менде жұмыс жоқ. Сөйтіп, біз көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы алып жүрдік. Бізді шақырып алып, жұмыс істетеді. Райымбек бабамыздың ескерткіші тұрған жердің ар жағында мазарат бар. Сол жерге мені жұмысқа тұрғызды. Мен орыстардың зиратында шөп жұлып, сыпыратынмын. Алматыдағы алғашқы қадам осылай бастады”, – деп жастық жағын есіне алды әнші. 



Сондай-ақ наубайханада күзетші болғанын да әскердегі досы растап, болған оқиғаны баяндап берді. 

“2002 жылы аласапыран жылдар еді. Төлеби және Момышұлы көшелерінің қиылысындағы наубайханаға әнші ретінде шақырып тұратынбыз. Иесі музыкант керек дегесін Өктемге қолқа салдық. “5 адам болса да, мен келуге дайынмын. Өнерді бағындырып, танылуым керек” деп табандап тұрып алды. Содан бала-шағасын да асырау керек болғасын, сол наубайханада күзетші болып та жұмыс істеді. Ақша жоқтың кезі. 5-6 ай тегін әнін айтып, халыққа қызмет етті.  

Еске салайық, өнер иесі жас күнінде қыздардың ақша ұсынып, некелесуге ниет білдіргенін айтқан еді. 

Талқылау