Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында полицей құны 243 миллион теңге болатын заттай дәлелді сатып жіберген

Ақтөбе облысында полиция қызметкері заттай дәлелдер қоймасынан жоғалған 600 мың қорап темекі үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Reuters

Сотта анықталғандай, Мәртөк аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары жеке фирмаға құны 243 миллион теңге болатын темекі өнімдерін өткізген.

Сотталушы кінәсін мойындамады. Ол темекіні қайта сату үшін бергенін, ешқандай арам ой болмағанын айтты. Прокурор соттан полиция қызметкерін лауазымдық өкілетін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тануды және 7 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ сот жеңілірек жаза тағайындады.

“Сот үкімімен сотталған адамды 5 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру, өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыру, полиция майоры арнаулы атағынан айыру түріндегі жаза тағайындалды”, – деді Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің бас маманы Жансая Таирова.

Бұдан басқа, Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының атына заң бұзушылық фактілеріне байланысты жеке қаулы шығарылды.

Айта кетейік, Астанада ер адам студенттердің 40 ноутбугын алдап алып, ломбардқа өткізіп жіберген

Полицияның дерегінше, күдікті “уақытша пайдаланамын” деген желеумен достарынан ноутбук алуды әдетке айналдырған. Осылайша, жігітке тапсырыс берушілер аптасына 20-30 мың теңге жалға алу ақысын төлеп, ноутбуктерді алып отырған.

Ақшаға жалға алушы туралы қауесет студенттер арасында тез тарап, олар еш ойланбастан алаяққа қымбат құрылғысын беріп отырған. Жас жігіт болса, барлық ноутбукті ломбардтарға сатып, түскен ақшасын интернеттегі ойынға бәс тігуге қойып, ұтылып қалған.

Талқылау