Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүрегі көтермеген: Шымкентте подъезде педофил зорлай жаздаған баланың әкесі қайтыс боп кетті

Шымкентте подъезде педофилдің құрбанына айнала жаздаған баланың әкесі жүрек ұстамасынан қайтыс болып кетті. Ол 40 жаста болған. Туыстарының сөзінше, баланың әкесі болған жағдайды көтере алмаған.

Жүрегі көтермеген: Шымкентте подъезде педофил зорлай жаздаған баланың әкесі қайтыс боп кетті

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Оқиғадан бір аптадан кейін күйеу балам қайтыс болып кетті. Жүрегі көтермеген. Мұндайды ешкімге де тілемеймін», – дейді баланың әжесі.

Сондай-ақ, ол баланың әкесі отбасындағы жалғыз асыраушы болғанын айтты.

Ал педофил қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында отыр. Құрбанына жаздаған бала онымен бетпе-бет кездесіпті. Бұл кезде баланың жанында психологтар болған.

Баланың әкесі қайтыс болғаннан кейін, анасы 3 баласымен жалғыз қалды. Қазіргі уақытта ол төртінші сәбиін күтіп жүр.

Сараптама нәтижелері әзірге дайын болмаған. Алайда баланың анасы мен әжесі педофилді барынша қатаң жазаға тартуды талап етіп отыр.

Баламен әлі де психологтар жұмыс жасап жатыр. Олар баланы қылмыскермен кездестіріп, психологиясын бұзбауға кеңес берді.

«Мүмкіндігінше, ол адаммен кездеспеуі керек. Және баланы мұндай кездесулерге дайындап апару қажет. Бұл дайындық бірнеше кезеңнен тұрады. Оған бір күн емес, бірнеше апта қажет», – дейді психолог Гүлжан Вероцкая.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Талқылау