Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналистер Джонни Депптің қартайып кеткенін және толықсығанын байқады

«Грэмми» сыйлығын табыстау кезінде сахнаға шыққан голливуд актеры Джонни Депп журналистерге қартайып, әрі  толықсып кеткендей көрінді.

pic_13dc8ee4ff6829c407314fea601ef256

pic_61ffc4284754bf760826de188257bc38

Сурет lenta.ru сайтынан алынды

Басылымдар мәліметінше, 52 жастағы Депп 15 ақпанда Лос-Анжелесте өткен марапаттау рәсіміне қатысқан.

Сондай-ақ, журналист актердың 68 жастағы Элиса Купе мен 65 жастағы Aerosmith тобының мүшесі Джо Перримен қатарлас секілді көрінгенін жазады. Мақалада Джоннидың шалбары ұзын болғаны, ал үстіндегі киімі қысып тұрғаны айтылған.

Деп, Купер мен Перри Грэмми сахнасында The Hollywood Vampires музыкалық ұжым ретінде қатысты. Олар өткен жылдың желтоқсан айында қатерлі ісіктен қайтыс болған осы ұжымның негізін қалаушы  Лемми Килмистердің еске алу құрметіне орай Motorhead тобының Ace Of Spades әнін айтты. Одан бөлек өздерінің жеке композицияларын да орындады.

Салтанатты рәсім кезінде Депп атақты музыканттармен бірге рок-н-ролл ойнағаны ол үшін мәртебе екенін, соған байланысты өзінің жолы болғыш жігіт екенін айта кетті.

Джонни Депп кино өнерінде «Плакса», «Мертвец», «Донни Браско», «Аризонская мечта», «Страх и ненависть в Лас-Вегасе», «Черная месса» және «Пираты Карибского моря» фильмдегі рөлдері арқылы танылды. Ол, сондай-ақ, музыкамен де айналысқанды ұнатады. Депп 16 жасында мектепті тастап, өзін шығармашылыққа арнаған адам. Ол флоридалық түнгі клубтарда «The Kids» тобымен өнер көрсеткен. Актер 2015 жылы Элис Купер, Джо Перримен бірігіп Hollywood Vampires тобын құрды.

Талқылау