Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмысқа бару үшін түнімен жаяу жүрген студент аяқ астынан көлікке ие болды

Америкалық студент жұмыстың алғашқы күнінде кешігіп қалмау үшін 32 шақырым жерді жаяу жүрген. Есесіне ол аяқ астынан көлікке ие болды.

Жұмысқа бару үшін түнімен жаяу жүрген студент аяқ астынан көлікке ие болды

Бұл туралы USA Today басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Алабама штатындағы Бирмингем қаласының тұрғыны Уолтер Карр ұзақ уақыт бойы жұмыс таба алмаған. 20 жастағы жігіт жүк тиеуші болып жұмысқа орналасқаннан кейін, жұмысының алғашқы күнінде көлігі бұзылып қалады. Мұнан кейін ол жұмыс орнына жаяу баруды ұйғарыпты. Осылайша ол жұмысына жету үшін, кешкісін үйінен шығып кеткен.

Жұмысқа бару үшін түнімен жаяу жүрген студент аяқ астынан көлікке ие болды

Жолда оған полицейлердің назары түскен. Өз кезегінде олар студенттің әрекетіне тәнті болып, таңғы ас беріп, көлігіне отырғызып, Каррдың жұмыс істейтін орнынан алты шақырым жерден түсіріп кетіпті. Біраз жүргеннен кейін тағы бір полиция қызметкерлері келіп, жігітті жұмысына апарып салған. Студенттің әрекетін естіген жұмыс беруші оған жүк көлігі келгенше тынығып алуды ұсыныпты. Алайда жас жігіт бас тартқан.

Жұмысқа бару үшін түнімен жаяу жүрген студент аяқ астынан көлікке ие болды

Ал студенттің әрекеті туралы компания басшысы естігенде, ол жүк тиеушімен кездесуге арнайы келіп, жас жігітке 2014 жылғы Ford Escape көлігін сыйлады.

Жұмысқа бару үшін түнімен жаяу жүрген студент аяқ астынан көлікке ие болды

Карр биылғы жылдың желтоқсан айында «медициналық ғылымдар» мамандығы бойынша оқуын тәмамдайды. Мұнан кейін ол теңіз-әскеру күштерінде борышын өтеуді жоспарлап отыр. Кейіннен институтқа түсіп, терапевт мамандығына оқымақ.

Жұмысқа бару үшін түнімен жаяу жүрген студент аяқ астынан көлікке ие болды

Өз сөзінде ол қарапайым жұмыстың өзін тапқанына қатты қуанғанын айтты.

«Мен таңғы сағат 8-ден ерте келіп, бұл жұмыста істегім келетінін дәлелдегім келді. Өзің әлденені жасауға тырыссаң, мүмкін емес ештеңе жоқ», – дейді Карр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Талқылау