Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыздар Елеусіновті құттықтап, халықтың қуанышына ортақтасты (фото, видео)

Қазақстандық шоу бизнес өкілдері мен танымал адамдар Данияр Елеусіновті Олимпиададағы жеңісімен құттықтады. Оған Рио төрінде қазақ елінің көк туын желбіреткені үшін алғыс айтты.

новый коллаж

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусінов олимпиада ойындарының финалында жеңіске жетіп, чемпион атанды. Данияр финалда өзбек боксшысы Шахрам Гиясовты жеңді. Қазақ боксшысы бірінші раундта қарсыласынан басым болды. Бұл үстемдікті ол екінші, үшінші кезеңдерде арттыра түсті. Осы жекпе-жектің барлығын барша қазақ елі тамашалады. Қуанышы қойнына сыймаған қазақстандық шоу бизнес өкілдері мен танымал адамдар боксшыны жеңісімен шын жүректен құттықтады.

3

Қыдырәлі Болманов: Бокстан алғашқы алтын құтты болсын! Ұзағынан сүйіндірсін. Данияр бауырымыз жарады. Сені тапқан анаңа, тәрбиелеген әкеңе, жүрегін салған бапкеріңе, тілегіңді тілеген Қазақ еліне басымызды идік. Данияр бауырым, ата-бабаң, қазақ елі саған риза! Азаматсың! Батырсың! Спортшыларымызға Алла жар болсын!

5

Ерлан Орынбасаров: Жеңісің құтты болсын, қазағым! Алтын құтты болсын, қазақ елі! Данияр бауырым, қанатың талмасын. Қазақ елін әлемге таныта бер.

Айқын: Данияр бауырым, құтты болсын! Көрсеттің көкесін!

6

Нұржан Керменбаев: Батырсың! Аллаға сансыз мадақ, сансыз шүкір! Қосып айтарым жоқ!

1

Меруерт Түсіпбаева: Жеңісің құтты болсын, туған елім!

7

Әсел Сәдуақасова: Рахмет, Данияр!

8

Серік Ибрагимов: Қазақстан, жеңіс құтты болсын! Алтын құтты болсын, бауырым. Әділбек Ниязымбетов бауырым, саған сәттілік! Алла ұлық!

Ақылбек Жеменей: Алтын құтты болсын! Данияр Елеусіновтікі таза жеңіс болды! Жарайсың!

4

Қарақат Әбілдина: Жеңісің құтты болсын, қазақ елі! Ура, ура, ура!

9

Әлішер Кәрімов: Данияр, саған сеніп едім! Нағыз жігіт екенсің! Жеңіс құтты болсын! Әділбек, ендігі кезек сенікі. Алтын бұйырсын саған да!

10

Ерке Есмахан: Түн ұйқымды төрт бөліп Рио олимпиадасын қалдырмай көріп жүрмін. Спорт шеберлеріміз өздерінің мықтылығын көрсетіп жүр. Әділетсіздік кез келген жерде болып тұрады. Жеңісітеріміз құтты болсын! Алдағы күндері де Қазақтың туы Рио төрінде көтерілсін деп тілеймін!

1

Нұртас Адамбай: Данияр қазақтардың мықты боксшы екендерін дәлелдеді. Әділ қазы алқалары дұрыс төрелік етсе, алтындарымыз бұдан да көп болатын еді.

Бүгін төрткүл дүниенің назарын өзіне аударған доданың төрінде тағы бір боксшымыз алтынға таласады. Лондон-2012 Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов бүгін Риода Данияр Елеусіновтің жеңісін 81 келіге дейін салмақ дәрежесінде қайталауға тырысады.


Жіберіп алмаңыздар:

Қазақстандық жұлдыздар Левитке қолдау білдірді (фото, видео)

Қазақстандық жұлдыздардың ресейлік достары (видео)

Қазақстандық жұлдыздар Алматыдағы атыста қаза болғандардың отбасына көңіл айтты

Махаббаттарының ғұмыры қысқа болған қазақстандық жұлдыздар

Талқылау