Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолаушылар әлеуметтік желілерде ұшу барысында жарылған «Боинг» қозғалтқышының суретін жариялауда (фото)

Жолаушылар қозғалтқышта туындаған қиындықты байқағанда Америкалық Southwest Airlines әуе компаниясының рейсі Жаңа Орлеаннан Орландоға бағыт алған.

_90952625_plane-smillerddd3

Желіде жарияланған фотосуреттерде ұшақ қозғалтқышының алдыңғы бөлігінің жоқ екені байқалады.

Әуе тасымалы өкілі қозғалтқыштың жарылмағанын айтады. Көліктегі қауіпсіздік бойынша ұлттық кеңес қозғалтқыштың сынуына байланысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ұшақ бортында болған Стефани Миллер Эй-би-сиге беген сұхбатында жолаушылардың  шамамен 3 000 метр биіктікте тарс еткен дыбыс естігенін айтты. Оның сөзінше, мұнан кейін күйіктің иісі шыққан.

_90955676_3c1baa16-e69c-4f12-884f-6118c50aa016

Стефани «Твиттерде» өзінің және тағы бір жолаушының оттегімен демалу маскасында түскен суретін жариялады.

Ұшу мәліметтері «Боинг-737»  ұшағының 8 минут ішінде 9 000 метрден 3 000 метрге төмендегенін көрсетті.

Ұшақ амалсыздан Флорида штатының Пенсакол қаласына қонған.

_90955678_polyot

Southwest Airlines әуе компаниясының ұшқыштар ассоциациясы «Твиттерде» ұшақтың сынған қозғалтқышының суретін жариялады.

Әуе оқиғасы нәтижесінде 99 жолаушы мен 5 экипаж мүшесінің ешбірі де зардап шекпеген.

Әуе қауіпсіздігі саласының сарапшысы Майкл Бойд Southwest Airlines және басқа да ірі әуе компаниялары үшін мұндай апат сирек жағдай екенін тілге тиек етті.

«Бұл – бір рет қана орын алған, ешкім естімеген дерлік оқиға. Southwest Airlines компаниясы әуе сапарының қауіпсіздігі бойынша мінсіз көрсеткішке ие. Себебі ол өз ұшақтарының техникалық қызмет көрсетілуіне көп қаражат жұмсайды », – дейді Бойд.

Талқылау